«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқу эвакуациясы"

13.04.2023

Оқу эвакуациясы-білім беру мекемесіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары жүйесіндегі өте маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі.
Оқу жаттығуларын өткізудің басты мақсаты мектепте өрт болған жағдайда қызметкерлер мен оқушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жылдам және қауіпсіз эвакуациялау бойынша білім беру мекемесінің дайындығын жан-жақты тексеру болып табылады.
2023 жылдың 13 сәуірінде Атбасар ауданы ТЖБ инженері, лейтенанты Ж. М. Елемесовтың қатысуымен "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі" КММ өрт туындаған жағдайда оқушылар мен қызметкерлерді эвакуациялауға практикалық жаттығу өткізілді.
Мектеп ғимаратынан: 177 оқушы, 38 педагог, 17 -ККП қызметкерлері шығарылды (эвакуация кезінде барлық қатысушылар мектеп ғимаратынан кетті).
Эвакуация уақыты: 1 минут 59 сек.
Ұйымдастырылған эвакуацияны бағалау: өте жақсы.
Ұсыныстар: ескертулер жоқ.
Оқу-жаттығу балаларға мектепте өрт шығу жолдары мен өрт кезіндегі іс-қимылдар туралы білімдерін бекітуге көмектесті, ал мектеп қызметкерлері балаларды эвакуациялау туралы білімдері мен дағдыларын тағы да нығайтты.
Жалпы, эвакуация барлық талаптарды орындай отырып, сәтті өтті.

Просмотров: 274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст