29.03.2023
29 наурызда 2 "Б" сыныбында "Ғылым әлемінде" тақырыбында танымдық сынып сағаты өтті. Жас оқушылар ғылымның әртүрлі "бұрыштарына" саяхат жасады : олар ғалымдардың кім екенін, ғылымның не екенін және оның не үшін қажет екенін білді. "Зерттеулер" бейнеролигінен әртүрлі уақытта өмір сүрген және зерттеулері әлемдік ғылым тарихындағы ең үлкен оқиғалар болып табылатын жаңалықтар ашқан Қазақстанның ұлы ғалымдарының есімдерімен танысты. Балалар талқылауға қуана қатысып, өз ойларымен және әсерлерімен бөлісті.
Садуова Н.Н.