«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Наурыз – жыл басы"

16.03.2023

Бүгін 16.03.2023 ж. "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі" КММ - де 8 сынып оқушылары арасында Наурыз мерекесіне арналған "Наурыз-жыл басы" мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлы наурыз күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті болып саналды. 22 наурыз күн мен түннің теңелу күні. Бұл кезде табиғат, Жер-Ана және жануарлар оянады. Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлттық ойындарымен танысты. 8 б сынып оқушылары Сагитова Алина, Галина Александра, Петрова Арина, Вингардт Валерия, Наянова Валерия қазақтың ұлттық ойындары туралы айтып берді. "Асық" ойынын 8 А сынып оқушылары Курмангожин Аян мен Карибаев Еркенбулан көрсетті. Сондай-ақ, Нельднер Мария ойын ережелерімен таныстырды. Балалар Наурыз мерекесінің пайда болу тарихымен танысты. Бұл мереке мейірімділік пен жомарттыққа, бауырластық пен сүйіспеншілікке шақырады. Сондықтан әр халық Наурызды асыға күтеді!
Трофименко Ю.С., Жумашова А.М.
Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст