Текст
14.01 күні 11 «А» сыныбында «Волонтер – сән бе әлде жақсылық па?» атты сынып сағаты өтті. 2020 жыл біздің Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев - волонтерлер жылы деп жариялады. Оқушылар сынып сағатында ҚХА волонтерлік қозғалысының бағыттары мен құрылымымен танысты. Сабақ қызықты және танымды өтті және балалар волонтер – әлемді бақытты ету мүмкіндігі, деген қорытындыға келді, волонтер – бұл тәжірибелік білім алу, волонтер – қызықты адамдармен кездесу. Көптеген адамдар бұған қатысуға және болашақта волонтер болуға ниет білдірді.