20.12.2022
Мектепте үздік оқушыларды "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты рәсім барысында қатысушылардың қошеметіне орай галстук тағылды. Олардың барлығы партриот болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді. Жас жасұландықтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып, өздеріне үлкен жауапкершілік алатынын жақсы түсінеді. Сондықтан олардың әрқайсысы мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға және жақсы оқуға ниетті.
Мукашова Д. К.