№ 5 орта мектепте ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен "ҰБТ-ға дайындаудың жаңа тәсілдері" атты дөңгелек үстел өтті. ҰБТ орталығының директоры Г. Х. Кадырбекова ҰБТ тапсыру ережесімен және өзгерістерімен таныстырды. 2019 жылы ҰБТ форматы өзгермейді. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 тиісті бейінді пәнді тапсырады. Тестілеу жылына 4 рет өткізіледі - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында. ҰБТ-ға қаңтар, наурыз және тамыз айларында қатысу оқуға түсушілерге ЖОО-на ақылы бөлімге құжаттар тапсыру құқығын береді. Оқу ісінің меңгерушісі А. О. Баймендина оқу пәндері бойынша білім сапасын сараптап , ата-аналарға үлгерім мониторингін ұсынынды. Ата-аналар мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу жақсы деңгейде өтті.