Текст
2019 ж. 26 қараша орта буында «Үй-мектеп-үй" қауіпсіз жүру бағыты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
«Үй-мектеп» бағытының мақсаты: баланың мектепке және үйге жету қауіпсіздігін арттыру; баланы мектепке / мектептен жол жүру бағытын бағдарлауға үйрету.
Сынып сағатында балалар әңгімелесулер, сауалнамалар жүргізді,онда балалар жолда өзін қалай ұстау керектігін және жол қозғалысының негізгі ережелерін сақтамау қайда әкеп соқтыратынын білді. Балалар өздері «Менің қауіпсіз жүру бағдарым «Үй-мектеп-үй» схемасын құрды. Тақтада ауылдың карта-схемасы, балалар кезекпен шығып, бағыттамалармен өз үйінен және кері қарай қауіпсіз маршрутты белгілеп көрсетті. Сынып жетекшісінің міндеті-балаларды қорқыту емес, оларды қауіптер туралы ескерту.