19.10.2022
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Оқушыны тіл нормасын сақтай отырып дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету үшін балаға қызықты тапсырмалар беріп, ойын түрінде үйреткен тиімді.
Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқудың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай, буындап буындарды жалғастырып оқуды меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ.
Таскунбаева А.