2018 жылдың 14 қарашасында 1 " В " сыныбында «Тәрбие сипаты және отбасындағы моральдық ахуал» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында 3 негізгі тәрбие стилі қарастырылды.
Бала көп уақытын отбасында өткізеді,сондықтан ол алғашқы өмір сабақтарын ата-аналармен қарым-қатынаста алады.
«Бала-отбасының айнасы; су тамшысында күн бейнелененгендей, балалардың анасы мен әкесінің адамгершілік тазалығы солай көрінеді».
В.А.Сухомлинский.
Баланың жеке басын толыққанды дамыту үшін отбасында қолайлы бала-ата-ана қатынастары қалыптасуға тиіс. Махаббат пен түсінушілік атмосферасында өсіп келе жатқан балалардың денсаулықтары мен оқыту қиындықтары аз, мейірімді және ашық болып өседі.
Сонымен қатар ата-аналарға «Абайлаңыз жұқа мұз» қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілді. Буклеттер түрінде жадынамалар таратылды: «Есіңізде сақтаңыз! Тек бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады!»
Дайындаған: Гельвих М.А.