Үшінші жыл бойы мектеп «Жасөспірімдер суицидтың алдын алу, сонымен қатар денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Қазан айында мектептің барлық қызметкерлері суицид «вахтеры» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Онда суицидтік мінез-құлық пен ойлаудың тікелей және жанама көріністерімен танысты. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды ерте кезеңде байқап, оларға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 8, 9 және 10 сыныптардағы ата-аналар жиналыстарында мектеп психологы ақпараттандырғаннан кейін барлық ата-аналар осы бағдарлама бойынша балалардың сауалнамаға қатысуына жазбаша келісім берді. Бұл бағдарламаның маңыздылығы, ата-аналардың мәселенің маңыздылығын түсінуі және өз балаларының тағдырына немқұрайлы қарамауын білдіреді. Қазіргі уақытта онлайн сұрау жұмыстары аяқталуға жақын, 99 жасөспітімнің 71- сауалнамадан өтті. Бағдарламаның келесі кезеңі жасөспірімдердің хабардар болуы бойынша «Өз көңіл-күйіңізге әсер ет және оны жақсарт» сабақтары болады.
Әр адамның өз құндылығы бар. Бірақ барлығы өмірді бағалай білулері керек.
Самсонова Г.Н.