Текст
Алғашқы аязды күндердің келуімен мұз үсті қата бастайды. Жұқа мұз үстіне адамдар әртүрлі себеппен шығады. Конькимен сырғанауға болады, хоккей және т.б. ойындармен ойнауға болады. Бірақ жаңа қатқан су айдынының қауіптілігі жөнінде ұмытпаған жөн. Алғашқы мұз өте қауіпті. Мұз үстіне шығуға асықпаңыз, жаңа қатқан мұз баланы да көтермейді. Суда күзгі-қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтамау адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына әкеліп соқтырады. 12 қараша күні барлық сыныптарда «Мұз үстіндегі қауіпсіздік!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері күзгі-қысқы кезеңдегі ҚТ бойынша толық нұсқаулық жүргізді.