Текст
22 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күні. Осыған орай біздің мектепте салтанатты жиын өткізілді. «Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деп данышпан бабаларымыз айтқандай. Бата беру адал ниет, жақсы тілек білдіру ұлттық дәстүр. Осындай жақсы тілек тілеп, мерекемен құттықтап мектеп директоры Бекмаганбетова Шахарман Ергазиевна сөз сөйледі. Біздің шарамызда «Лад» өкілдері қонақта болды. Оқушылар әр тілде өлеңдер оқыды, «Бұлбұлдар» вокалдық топ бишілері өнерлерін көрсетті. Іс – шара соңында барлық қатысушылар грамотамен марапатталды.