25 қыркүйек күні біздің мектепте «Посвящение в пятиклассники» атты күзгі мереке өтті. Қуанышты, белсенді, жарқын қыздар мен ұлдар бір ай ішінде қанай болып өсіп, алған жетістіктерін көрсетуге асықты. Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Баймендина А.О. құттықтау сөз сөйледі, оқушыларға табыс, жетістіктер, оқуда алда болуға, ата – аналарға бақыт тіледі.
Бесінші сынып оқушылар алдында «Алтын» тобын би билеп өнерлерін ортаға салды. Жүргізушілер Селин С., Байсагатова К. бесінші сыныптың «портрет» салуға ұсынды.Балалар өте белсенді қатысты. «Школа», «Логическая разминка», «Я познаю мир» сайыстар өткізілді.
Оқушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Сайыстар өте қызықты болды. Сайыстар арасында 5 –ші сынып оқушылары өлеңдер оқыды, ән айтты. 5 А сынып оқушысы Мусаева А. скрипкамен ойнады.
Оқушыларды құттықтауға Божко К., Володина Д. келді. Жақсы оқимыз, тәртіпті болуға оқушылар ант берді. Ата – аналар да балаларға көмек беруге уәде берді.