Бағалау үшін қандай тасырмаларды пайдалану қажет?
Сабақ барысында оқушыларды сапалы тапсырмалармен жəне бағалауды объективті үдерісімен қамтамасыз ету қажет. Тапсырмалар оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сəйкес болуы тиіс. Бағалау бойынша əдістемелік ұсынысында тапсырмалар үлгілері ұсыныс ретінде берілген. Мұғалім бағалаудың кез келген түріне тапсырмаларды өз бетінше құрастыра алады.
Қалыптастырушы бағалау қашан жəне қалай өткізіледі?
Сабақта жəне үй тапсырмасы ретінде берілген кез келген тапсырма оқушылардың қалыптастырушы бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Қалыптастырушы бағалаудың нəтижесі бойынша мұғалім оқушының жұмысына жазбаша (дəптерге немесе күнделікке) немесе ауызша түрдегі жауаптарына түсініктеме (кері байланыс) ұсынады. Кері байланыс берудің нақты саны жəне оқушыларды түгел қамту бойынша талаптар жоқ. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын басып шығару жəне сақтау талап етілмейді.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау қашан жəне қалай өткізіледі?
Оқу бағдарламалары мен жоспарларға сəйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) өткізіледі. Аталған жиынтық бағалау түрінің нəтижесінде оқушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсан барысында бір пəннен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау үшеуден артық өткізілмейді. БЖБ-ның максималды балын, формасын (бақылау, тəжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрақ, эссе жəне т.б.) жəне БЖБ-ны қай сабақта өткізуді мұғалім өз бетінше анықтайды. Мұғалім БЖБ-ны орындау уақытын тапсырмаларды жəне оларды орындауға жұмсалатын уақытты есепке ала отырып өзі анықтайды. БЖБ-ны 15-20 минут аралығында орындалатындай етіп ұйымдастыру ұсынылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы қалай қолданылады?
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификацияға сəйкес болуы тиіс. Спецификацияда белгіленген талаптар жəне тапсырмалар үлгісі негізінде мектеп мұғалімдері жиынтық жұмыс пен балл қою кестесінің қажетті нұсқасын бірлесе отырып құрастырады.
Портфолио жүргізу қажет пе? Жиынтық жұмыстарды басып шығару талап етіле ме?
Оқушылардың портфолиосын жүргізу талап етілмейді. Жиынтық жұмыстар қарапайым дəптерде орындалады жəне материалдарды басып шығару қажет етілмейді. Ол үшін жиынтық жұмыстарға жеке дəптер арналады, мұғалім оларды сақтауы қажет.
Бағалауды өткізу тəртібі немен реттеледі?
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу тəртібі туралы» Бұйрығына 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізілген Бұйрықтың 3-тарауы.
Жиынтық бағалауды өткізуді қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?
Мұғалім КТЖ-да (күнтізбелік тақырыптық жоспар) ТЖБ өткізуге 1 сағат бөледі. БЖБ-ға КТЖ-да арнайы сағат бөлінбейді, ол сабақтың бір бөлігі болып табылады. Кез келген жиынтық бағалау тек өтілген материалдарды қамтуы қажет. Соңғы БЖБ-ны тоқсанның аяқталуына кем дегенде 1 апта қалған уақыт аралығында өткізу жоспарланады. Бір күнде білім алушыларды шамадан тыс жүктемеу жəне бағалауды дұрыс үйлестіру үшін тоқсандық жиынтық жұмысты екеуден артық өткізбеу ұсынылады. Сондықтан тоқсандық жиынтық жұмыстың кестесін құрған дұрыс. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде мерекелік, демалыс күндерді, сондай-ақ тоқсанды жəне оқу жылын аяқтау мерзімін есепке алған жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның жəне оқу жылының соңғы күнінде өткізу ұсынылмайды.
Модерация қалай жүргізіледі?
Бір отырыста бірнеше пəндер жəне/немесе параллель сыныптар бойынша модерация өткізуге болады. Тексерілген жұмыстардың ішінен мұғалім үш жұмысты іріктейді: бір максималды балы бар, бір минималды балы бар жəне бағалау қиындық туғызған жұмыстар. Егер мұғалім бір параллельдегі бірнеше сыныптарға сабақ беретін болса, жұмыстардың жалпы санынан іріктеледі. Модерация бойынша отырыста мұғалімдер балдарды балл қою кестесіне сəйкес талқылайды, қажет болған жағдайда балл қою кестесіне ұжыммен бірлесе өзгерістер жəне/немесе толықтырулар енгізеді. Модерация қорытындысы бойынша балдарына өзгеріс енгізілетін оқушылардың жұмыстары қайта тексеріледі Модерацияны аяқтағаннан кейін отырыс хаттамасына қол қойылады. Хаттама əдістемелік бірлестік жетекшісінде сақталады.
Критериалды бағалау бойынша материалдарды қайдан жүктеп алуға жəне қай жерден кеңес алуға болады?
Критериалды бағалау бойынша барлық материалдар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Жүйелік-əдістемелік кешен» (smk.edu.kz) ашық, қолжетімді сайтында ұсынылған. Одан басқа аталған сайтта «Талқылау алаңы» бөлімінде сұрақтар қойып, мамандардың кеңесін алуға болады.
Қандай журналды қолдану қажет?
Мектептер kundelik.kz электрондық жүйесіне қосылған жағдайда электрондық журналды толтырады. Қағаз журналды толтыру талап етілмейді. Тоқсан қорытындысы бойынша kundelik.kz электрондық журналдың барлық парақтары шығарылады, тігіледі, нөмірленеді жəне білім беру ұйымының басшысының қолы қойылып, мөрленеді. Мектепте электрондық журнал болмаған жағдайда мұғалім электрондық журналдың (smk.edu.kz сайтында орналасқан) уақытша формасын жəне қағаз журналды пайдаланады. Электрондық журналдың уақытша формасын басып шығару талап етілмейді. Қағаз журнал Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 29.08.2016 ж. № 531 (Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің уақытша міндетін атқарушының «Білім беру əрекетінде білім беру ұйымдары қолданатын қатаң есеп беру құжаттары формасын бекіту туралы» 2007 жылдың 23 қазанындағы № 502 бұйрығына қосымша) бұйрығымен бекітілген журналдың форматына сəйкес толтырылады.