Текст
Баланың жаңа мәртебесінің өзеттілігін көрсету мақсатымен 3-қараша күні мектебімізде «Бірінші сыныптыққа ие болу» мерекесі өткізілді. Балалар мектеп және мектеп өмірі туралы тақпақтар, өлеңдер айтты. Білім ханымының тапсырмаларын орындап, сауат ашу,әдебиет, матиматика, дене шыныктыру құзырындағы азаматтардың қалауын орындады. Ата-аналармен, сынып жетекшілерінің қуттыктау сөздерін қабылдап, бірінші сынып окушысымын деген сертификатын алып, букіл қонақтар алдында ант берді. Мерекенің соңында 5-сынып оқушылары сыйлық ретінде, 1-сынып оқушыларына мектеп тақырыбында қызықты попурри силады. Мерекелік іс шара қызықты өтті!