3 қазан күні біздің мектепте "Эко сағат" Республикалық акциясына арналған іс-шаралар өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды сақтау және суға ұқыпты қарау, ауаны қорғау, жерді ластанудан қорғау мәселелеріне көңіл бөлу.
Мектеп қабырғасында линейка өткізілді, онда жердің экологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар табиғат байлықтарын сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау керектігін айтты. Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаты М. М. Дюсембаев пен әлеуметтік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Б. Ж. Жапарова қатысты.
«Біз қарап тұрмаймыз, өз жерімізді қорғаймыз» ұранымен біздің мектептің «SOS» экологиялық жасағы сөз сөйледі. Үгіт бригадасы қонақтармен бірге жиын аяқталғаннан кейін көшеттер отырғызуға қатысты.