Текст
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білім және тәрбие» бағыты аясында «Менің кіші Отаным» атты аудандық жас тарихшылар байқауы өтті
9-10 сынып оқушылары туған өлкенің тарихы, тарихи тұлғалар және айтулы оқиғалар туралы өз білімдерін көрсету үшін жиналды. Олар қазылар алқасына төрт номинация бойынша зерттеу жобаларын ұсынды және олимпиада түрінде сынақтан өтті. «Кіші Отан рәмізі» номинациясы бойынша №5 ОМ 9 «А» сынып оқушылары 1 орынға ие болып, «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың облыстық конкурсында Атбасар ауданының намысын қорғайды.
Тарих пәнінің мұғалімі Р.Т. Аманбаева