Текст
Әр адамға демалу қажет. Біз көп жұмыс істеп, маңызды істермен айналысқанда, жеткілікті демалуымыз керек. Бос уақытты белсенді өткізу тек отбасылық дәстүрлерге ғана қатысты емес, сонымен қатар ұжымды біріктірудің ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіподақтың қолдауымен №5 ЖОББМ ұжымы 25 маусым күні Зеренді ауданының "Қарағайлы" курорттық аймағына аттанды. Табиғатпен байланыс ақыл-ой жағдайына жағымды әсер етеді . Күн, көл, таза ауа бейресми жағдайда ұжымның бірігуіне ықпал етті. Жанды уақытты бірге өткізудің жарқын эмоциялары әр қызметкердің жадында ұзақ уақыт сақталады!