"Nur Otan" партиясының орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес Атбасар аудандық мәслихатының депутаты Бауыржан Қалиасқарұлы Исмағұлов 2019 жылдың 20 қыркүйегінде «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласының № 5 орта мектебі» ММ ұжымының мүшелерімен келесі күн тәртібімен кездесу өткізді:
1. «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» ҚР Президенті Жолдауының ережелерін түсіндіру
2. Осы шағын ауданның проблемалық мәселелерін талқылау.
Жолдаудың негізгі ережелері мен оларды жүзеге асыру мерзімдері үлкен қызығушылықпен қабылданды.
Шағын ауданның негізгі мәселесі оқушылардың мектепке қауіпсіз жету бағытын бойынша айтылды, себебі мектепке баратын негізгі жол апатты жағдайда тұр. Ұжым мүшелері осы мәселе бойынша алаңдаушылық білдіріп, депутат тарапынан осы мәселені шешу жөнінде көмек сұрады.