Текст
13 маусым күні 7 сыныпта "Наурыз - ұлыстың ұлы күні" тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылардың назарына слайд пен қызықты деректер ұсынылды. Оқушыларға әлем халықтарының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі жайлы қысқаша түсінік берілді. Сондай-ақ оқушылар морфология жайлы алған білімдерін жаңғырта отырып, жаңа сөздерге морфологиялық талдау жасап, білімдерін шыңдай түсті. Аса белсенділік танытқан оқушылар: Стручалин Алексей, Стефановский Юра, Неупокоев Даниил.