«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Полиглот» интеллектуалды ойыны

13.09.2019

2019 жылдың 10 қыркүйегінде 4 сыныптар аралығында үш тілді меңгеру мақсатында «Полиглот» интеллектуалды ойыны өтті. Сайыс үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оята отырып,тіл туралы білім өрістерін кеңейту. Сайыс ойыны барысында оқушылардың арасында достық қатынасты дамыта отырып, бірігіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрды:

1-бөлім: Таныстыру (Әрбір топ топ басшысын тағайындап, өз топтарын таныстырулары тиіс).

2-бөлім: Сайыстарды өткізу

№1 сайыс: «Жұмбақтар жасыру»  (Жұмбақтардың шешімін тауып, оны 3 тілге аудару керек).

№2 сайыс: «Мақал-мәтелдер» (Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді аяқтаулары тиіс).

№3 сайыс: «Жеті ғажайып» (Топтар  аптаның жеті күніне қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Аптаның күндерін үш тілде айтады).

№4 сайыс: «Сиқырлы сандар» (Әрбір топ кез-келген санды таңдап, сол санға қатысты берілген сұрақтарға жауап береді).

№5 сайыс: «Газет сайысы» (Әрбір топ өздерінің тілдер күніне арналып салынған газеттерін 3 тілде қорғаулары керек).

3-бөлім: Қорытындылау. Топтарды грамоталармен марапаттау.

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст