Ана тілі-бұл абырой
әр адамның ар-намысы
Өзгенің тілін үйрен,
Өз тіліңді бағала
Устинова В.
«Тіл-халықтың көрнекті жетістігі және оның ажырамас белгісі. Тілді дамуы ұлттық мәдениеттің дамуымен толық байланысты және бұл тұрғыда тіл өзінің қоғамдық қызметін атқарады». («Қазақстан Республикасының тіл туралы» ҚР Заңынан)
Мемлекет Қазақстан халықтарының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауда. 22 қыркүйек Қазақстанның барлық халықтары үшін ортақ мереке болып табылатын маңызды күн. Осы күн қарсаңында біздің мектепте «Халық достығы - тілдер бірлігі» атты эссе сайысы өтті.
Байқауға қатысқан барлық оқушылар тілдерді үйрену сән емес, тарихи қажеттілік деген пікірге келді. Қазіргі уақытта қоғамда өзін жайлы сезіну үшін кем дегенде 3 тілді білу қажет: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Біздің мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстан халқының барлық ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтау болып табылады. Өйткені олардың әрқайсысының өзінің бай тарихы бар және әрбір ұлт Қазақстан мәдениетінің қазынасына өз үлесін қосты. Республикада атап өтілетін Тілдер күні өзіне және ортаға кез келген тіл қамқорлықты қажет ететіні туралы еске салатын тағы бір мүмкіндік болып табылады, оны сақтау және дамыту қажет.