13.04.2022
Біздің мектепте 11 сынып оқушыларымен ашық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы "ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық" болды. Жиналысқа ата-аналар, оқушылар, оқытушылар, оқу бөлімінің меңгерушісі және мектеп психологы шақырылды.
Мектеп меңгерушісі Баймендина А.О. өз сөзінде ата-аналарды ҰБТ және қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері туралы тағы да толық хабардар етті, ҰБТ нәтижелерімен, кеңес беру және қорытынды аттестаттауды тапсыру кестесімен таныстырды.
Әрбір пән оқытушылары өз пәні бойынша ҰБТ тапсыру және қорытынды аттестаттаудан өту ерекшеліктері бойынша толық ақпарат дайындады, сабақтарда, консультацияларда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Әр оқушы бойынша ҰБТ қорытындысына толық талдау жасалды. Оқытушылар әр оқушыға ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша ұсыныстар берді.
Мектеп психологы Красникова О.В. ата-аналар мен оқушыларға "ҰБТ-ға қалай дайындалу керек"тақырыбында ұсыныс берді