Текст
Темір жолдар қауіптілігі жоғары объектілер болып табылады. Онда болған кезде Сіз өз өміріңізді тәуекелге ұшыратасыз, дәл осы сөздерден Атбасар станциясының еңбекті қорғау жөніндегі инженері Абишев Жаксылык Салимжанович өз әңгімесін бастады. Ол 9-10 сынып оқушыларымен нұсқаулық өткізді. Темір жол көлігіндегі балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларымен таныстырды. Сондай-ақ ІІББ өкілі сөз сөйледі, ол балаларға жол өтпеуі үшін әкімшілік айыппұл қарастырылғанын айтты. Балаларға темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша буклеттер таратылды.
Сыздыкова Л.В.