Текст
26 наурызда 5 "Б" сынып оқушыларымен қаламыздың тарихи - өлкетану мұражайына экскурсия өткізілді. Балаларды мұражай қызметкерлері қарсы алып, экскурсияны бастады.
Экскурсоводтың қызықты дәрісінің арқасында балалар көптеген жаңалықтарды білді. Экскурсия басында оқушылар Атбасар ауданының флора және фауна өкілдерімен танысты,біздің өлкеміздің аумағын мекендеген ежелгі жануарлардың сүйектерін көрді. Әсіресе балаларға қазақ халқының өміріне арналған зал ұнады. Мұнда балалар киіз үйдің тұрмысымен танысты. Балалар осы экскурсиядан үлкен ләззат алды және көптеген жарқын әсер алды.
Дерягина А. В.