04.03.2022
Балалардың дарындылығын дамыту № 5 мектептің білім беру моделінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мектепте құрылған "Дарынды балалар" бағдарламасы бастауыш сыныптан бастап өмір жолын саналы түрде таңдауға дейін дарынды оқушылармен мақсатты жұмысты көздейді, сондықтан сабақ және сабақтан тыс іс-шаралар әр оқушы өз мүмкіндіктерін әр түрлі қызмет салаларында көрсете алатындай етіп құрылады.
Дарынды және ғылым негіздеріне құмар, ғылыми қызметке ұмтылатын оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында біздің мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Екі бағытта мектеп конференциясы өткізілді : 2 - 7 сыныптар және 8 - 11, онда әртүрлі бағыттар бойынша 17 шығармашылық жоба ұсынылды . Қызықты тақырыптар, дәлелді гипотезалар ұсынылды, өзекті мәселелер шешілді. Қорытындылар жасалды, ұсыныстар берілді. Аудандық конференцияда жеңіс тілейміз !!!!
Оқу Ісінің Меңгерушісі: Баймендина А. О.