Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – жас ұстаз Жагипарова Гүлдана Аманбековна , Атбасар қаласының № 5 жалпы білім бретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демей ме, осындай жас ұстазбен, адаммен бірге бір ұжымда жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Халықаралық әйлдер күніне орай Гүлдана Аманбековнаға тілейтінім: денсаулығыңыз мықты болсын, шаңырағыңыз шаттыққа толсын, дарынды шәкірттеріңіз көп болсын. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегіңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуыңызды тілеймін.