Текст
11 "А" сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы Педагогткалық Институты кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырған конференцияға қатысты. Конференцияда қатысушылар алдында ректор Қуанышбеков Сейітбек Бекенұлы сөз сөйлеп, оқу орны орналасқан қала туралы айтып берді. Институттың мамандықтары, техникалық жабдықталуы туралы толық, қолжетімді ақпарат берілді. Қатысушыларды 15% - ға жоғарланған, 50.400 т құрайтын стипендия мөлшері туралы ақпарат қызықтырды. Жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегінен бастап стипендиялар 20% - ға өседі деп күтілуде. АрқМПИ ректоры С.Б. Қуанышбековке оқу орны туралы ақпарат үшін және конференция қатысушыларының қойған сұрақтарына жауаптары үшін алғысымызды білдіреміз.