Ілияс Есенберлин-белгілі қазақ жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ілияс Есенберлиннің әдеби еңбектері-халық игілігі. Оның шығармалары-ұзындығы жеті жүз елу жылдан асатын Ұлы Дала шежіресі. Жазушының туғанына 107 жыл толуына орай мектеп кітапханасында і.Есенберлиннің кітаптары, жазушыға арналған шығармалар, ол туралы газет материалдары қойылған көрме дайындалды. 10-11 сынып оқушыларына бос уақытында өз халқының тарихын зерттеуге көмектесетін "Көшпенділер" тарихи трилогиясын оқуды ұсынамын. Сондай-ақ, жазушы жастардың жаңа уақытта өмір сүруге деген ұмтылысын және адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін "Ғашықтар" романын оқуға кеңес беремін. "Қара алтын" романы батырлық, жасампаз еңбек дәуірін бейнелейді. Осы кітапты оқығаннан кейін сіз түбектің шөлді, ыстық жерін игерген алғашқы геологтардың өмірін білесіз. Кітаптың екінші атауы – "Маңғыстау майданы"екендігі бекер емес. Есенберлиннің кітаптарын оқи отырып, сіз тарихты жақсырақ біліп, болмыстың мәні, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі тану туралы сұрақтарға жауап таба аласыз.