11.01.2022
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін мұқият тыңдап, барлық белгіленген қадамдар мен қабылданып жатқан іс-қимылдарды қолдап, түсіністік білдіргім келеді. Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі болған оқиғаларды терең түсінумен, кәсіби талдаумен және елдегі өмірдің барлық салаларын, әсіресе өңірлерді дамытудың экономикалық блогын реттеу жөніндегі батыл ұсыныстармен, мемлекетімізде бейбітшілікті, тұрақты даму мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күш ведомстволарын реформалау қажеттілігімен ұштасқан.
Біздің күшіміз-бірлікте! Бұл ұран бұрынғыдан да өзекті, біздің әрекеттеріміз оны түсінуге байланысты.
"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі" КММ тарих пәнінің мұғалімі