24.12.2021
23 желтоқсанда 2 "А"сыныбында" Менің туған өлкем " бөлімі бойынша алған білімдері туралы әңгіме өтті. Сабақ Гляделова Ксенияның орындауындағы "Біздің Отанымыз қандай!" атты әдеби шығармамен басталды.
Одан әрі оқушылар арасында "Отан деген не?" тақырыбында 5 минуттық дебат өтіп, кейін біз тапсырмаларды орындауға кірістік.
Оқушылар туған өлке туралы кластер құрастырды, сыныптастарынан балалық шақтың қаласы (ауылы)туралы ауызша сұхбат алды.
Осы бөлімді зерделеу барысында балалар өз бетінше біздің туған қаламыз туралы ақпарат алды. Андрианова Василиса мен Калиев Мансур "біздің өлкемізді кім және қалай дәріптейді"тақырыбында шағын шығарма дайындады. Балалар ата-аналарымен бірге "Туған өлкенің табиғатын сақта"тақырыбында постер жасады. Бөлімді қорытындылай келе оқушылар болашақта өз өлкеңізді қалай көресіздер деген сұраққа жауап берді.