«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Елді құрған көшбасшы"

30.11.2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-тәуелсіз мемлекеттің құрылу тарихын және оның дамуының барлық бағыттары бойынша орасан зор табыстарға жетуін бейнелейтін айтулы күн.  Мектеп кітапханасында осы мерекеге арналған "Тәуелсіз мемлекет құрған басшы" атты көрме ұйымдастырылды.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "ХХІ ғасырдағы дамыған ел – белсенді, білімді және дені сау азаматтар"деген сөздері көрмеге қойылған эпиграф болып табылады. Көрмеде Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар, Тұңғыш Президенттің өзі авторы болып табылатын "Еуразия орталығында", "Тәуелсіздік стратегиясы", "тарих толқынында", "ХХІ ғасыр табалдырығында", "Әлем эпицентрі" кітаптары, Тұңғыш Президенттің өмірбаяны, ол туралы мақалалар ұсынылды.  Кітапханашы көрмеге шолу жасап, жоғары сынып оқушыларына бұл кітаптардың еліміздің жаңа тарихын зерделеу үшін маңызы білімді талдау және қолдану қабілеті туралы айтып берді: "дәл Қазақстан аумағында және онымен шектес өңірлерде әлемнің көптеген халықтарының дамуына ықпал еткен түрлі мәдениеттер пайда болды... Біздің ата – бабаларымыз екі мың жыл бойы Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға, Сібірден Үндістанға дейінгі мемлекеттердің дамуында маңызды рөл атқарды", - деп жазады өзінің "Тарих толқынында" атты тамаша кітабында Нұрсұлтан Назарбаев. Даңқты бабалардың қазіргі ұрпақтары олардың жарқын жадына лайық болуы тиіс.
Тұңғыш Президент күнін Қазақстандықтар үшін мерекелеу – бұл, бірінші кезекте, тұңғыш Президентке жаңа тәуелсіз Қазақстанның құрылысына баға жетпес және зор үлес қосқаны үшін берілген құрмет. Мереке барлық Қазақстандықтардың бірлігін, бүкіл қоғамның топтасуын бейнелейді, Қазақстанның егемендігін нығайтуға ықпал етеді. Суфтина Т. А.

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст