Текст
Бүгін «Мемлекеттік тіл – Менің тілім» үйірмесі бойынша мұғалімдер арасында бастауыш тобында мемлекеттік тілді үйрену кезекті сабағы өтті. Ойын,суреттер арқылы қатысушылар сөзден сөзтіркестерін ,сөзтіркестерден жай сөйлемдер құрастырып,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау ережесін қайталап білімдерін бекітті. Сабаққа белсенді қатысқан қатысушылар Терентьева А.А., Тихненко М.Ю., Сенина Н.В., Садуова Н.Н. Сөйлеу дағдылары қандай деңгейде екенін көрсете алды.