Текст
Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету мақсатында
5 Б сынып оқушылары арасында «Тіл - татулық кепіл» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді. Шара барысында оқущыларға тіл туралы нақыл сөздер, сөзжұмбақтар және әр түрлі әдістерді пайдалана отырып орындайтын тапсырмалар берілді. Іс шараға белсене қатысқан оқушылар: Мустафина Ляйсан, Пронин Кирилл, Хиров Алексей мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Тіліміздің тұғыры биік болсын!