Текст
Бүгін, 28 шілдеде біз ертегі оқуды жалғастырдық. Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру, ағылшын тілін одан әрі үйрену мотивациясын қалыптастыру, балаларды жобалық қызметке тарту. Оқушылар тақырып бойынша лексикамен, «Өткен шақ» грамматикалық материалдарымен, өткен шақта ағылшын сөйлемін құрудың ерекшеліктерімен танысты. «Ертегілерді айту» тақырыбында олардың сөздік қорын кеңейттік, балалар ертегі өз бетімен жазды, өткен шақтағы тұрақты емес етістіктерді мәтінде, сөйлеу барысында қолданды. Сабақ соңында балалар жұмбақтар ойлап тауып, өздерінің жеке кітаптарын жасады.
Тихненко М.Ю.