«Оқулықтарды тексеру рейді»

05.02.2026

Мектепішілік өзін-өзі басқару жұмысы аясында мектеп көшбасшылары білім алушылардың оқулықтарының жағдайын тексеру мақсатында рейд өткізді. Іс-шараның мақсаты – мектеп мүлкіне ұқыпты қарауды қалыптастыру және оқу құралдарының сақталуына жауапкершілікті арттыру.
Рейд барысында өзін-өзі басқару мүшелері оқулықтардың қапталған-қапталмағанына, ұқыптылығына, зақымданулар мен беттерінде жазбалардың болмауына назар аударды. Білім алушылармен оқулықтарға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы алдын алу әңгімелері жүргізілді.

Просмотров: 58


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу