«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰБТ мен Қорытынды аттестаттауға дайындық

10.02.2026

11-сыныпта Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға дайындыққа арналған консультация өткізілді. Сабақ практикалық бағытта ұйымдастырылып, оқушылардың білімдерін жүйелеуге және тарихи ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.

Консультация барысында шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыс түрлері қолданылды: білім алушылар тарихи жағдайларды талдап, себеп-салдарлық байланыстарды анықтады, негізгі ұғымдар мен маңызды даталармен жұмыс жасады, сондай-ақ шағын топтарда өз жауаптарын дәлелдеп қорғады.

Емтихан тапсырмаларының форматына, жиі кездесетін қателіктерге және оларды болдырмау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Белсенді оқыту әдістері оқушылардың уәждемесін арттыруға, оқу үдерісіне қызығушылығын күшейтуге және қорытынды аттестаттауға саналы түрде дайындалуына ықпал етті.
Дерягина А.В., тарих пәнінің мұғалімі

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст