Қауіпсіз білім беру ортасын құру – №5 мектептің басымды бағыты
25.02.2026
25 ақпанда Атбасар қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық ұжыммен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Қызметкерлер Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бекіткен Іс-қимыл алгоритмімен танысып, құқықтық негіздерді, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын және құпиялылықты сақтау талаптарын талқылады. Зорлық-зомбылықтың түрлеріне, оларды анықтау белгілеріне және әрекет ету тәртібіне ерекше назар аударылды.
Әрбір қызметкер білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бойынша жеке жауапкершілік атқаратыны атап өтілді.
Селина Н.В.
Просмотров: 28