Мамандықтармен танысу: Атбасар қаласындағы колледжге сапар.

27.02.2026

Бүгін 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Аграрлық-индустриялық колледжі-не барды.
Оқушылар колледждегі оқу бағыттарымен, қабылдау шарттарымен және оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысты. Оқу орнының өкілдері сұранысқа ие мамандықтар, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ оқушылар оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, заманауи құрал-жабдықтармен танысты. Колледждегі тәжірибелік дайындықтың маңыздылығы түсіндірілді.
Өткізілген кездесу оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейтіп, 9-сыныптан кейінгі білім алу бағытын таңдауға ой салды.

 

Просмотров: 30


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу