«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №5 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туберкулез дегеніміз не және оның алдын алу жолдары» тақырыбындағы сынып сағаты

03.03.2026

2 наурыз күні бастауыш сыныптарда «Туберкулез дегеніміз не және оның алдын алу жолдары» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларға туберкулездің жұқпалы ауру екені қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріліп, оның алдын алудың маңыздылығы еске салынды.

Балалар жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, бөлмені желдету және уақытылы медициналық тексеруден өтудің қажеттілігі туралы білді. Әңгіме барысында оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, денсаулықты жастайынан сақтау керек деген қорытындыға келді.

Денсаулық — адам өміріндегі ең басты құндылық, сондықтан оған күн сайын қамқорлық жасау қажет!
Селина Н.В., бастауыш сынып мұғалімі.

Просмотров: 11


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст