Текст
13.03.2026
6 «Б» сыныбында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мен және Заң» атты интерактивті ойын өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мектеп оқушыларының негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысып, түрлі өмірлік жағдайларды талқылады және оларды шешуге қандай заңдар мен ережелер көмектесетінін анықтады.
Ойын викторина, тапсырмалар және талқылау түрінде өтті. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, топпен жұмыс жасап, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты.
Іс-шара қызықты әрі танымдық түрде өтіп, оқушыларға заңдардың күнделікті өмірдегі маңызын және ережелерді сақтаудың қажеттілігін жақсы түсінуге көмектесті.
Сынып жетекшісі Саполатова М.А.