Подготовка к экзамену будет продолжена.

10.04.2026

2026 жылғы 10 сәуір күні 5 «А», 5 «Б», 5 «В» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен емтиханға дайындық жұмыстары жүргізілді. Дайындық барысында оқушыларға оқу жылы бойынша өтілген тақырыптар қайталанып, тест тапсырмалары мен жазбаша жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру және грамматикалық тапсырмаларды орындау дағдылары бекітілді. Емтиханға дайындық жүйелі түрде жалғасатын болады.
 

Просмотров: 32


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу