Аула клубы «Беркут»

26.08.2025

Аула клубы «Беркут»
Осы жылдың 23 тамызында «Былғары доп» атты аудандық футбол турнирі аяқталды. «Беркут» клубының тәрбиеленушілері бұл жарыста өздерін лайықты деңгейде көрсете білді. Үлкен жастағы команда «Адыр» командасын 2:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, керемет ойын, ұйымшылдық және жауынгерлік рух танытты.
Енді балалар турнирдің ресми нәтижелері мен марапаттау рәсімін асыға күтуде. Мұндай жарыстарға қатысу олар үшін футбол шеберліктерін шыңдауға, жолдастық рухты нығайтуға және жаңа спорттық жетістіктерге ұмтылуға үлкен мүмкіндік береді.
Азырбакытов Ж.

Просмотров: 1922


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу