НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БАЙҚАУ!
22.08.2025
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің «Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Атбасар қ., Өзен жағалауы көшесі, 18, school5-atb@yandex.kz, тел: 2-52-80
2025 жылғы 22 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында 16 және одан да көп сағаттық оқу жүктемесімен педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Бос лауазымдар тізімі:
-Математика пәнінің мұғалімі
-Математика пәнінің мұғалімі
-Физика пәнінің мұғалімі
-Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-Тарих пәнінің мұғалімі (декреттік демалыс мерзіміне)
(Инклюзия кабинеті үшін бос орындар):
-Дефектолог
-Логопед
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 22 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжаттарды қағаз немесе электронды түрде төмендегідей тізім бойынша тапсырады:
-
Осы Ережелерге 10-қосымшаға сәйкес нысанда конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілген құжаттардың тізімімен);
-
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды нұсқасы (жеке басты сәйкестендіру үшін);
-
Жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);
-
Білімі туралы құжаттардың көшірмесі (лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес);
-
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
-
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген);
-
Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
-
Наркологиялық диспансерден анықтама;
-
Ұлттық біліктілік тесті (ҰБТ) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының куәлігі (бар болған жағдайда);
-
Осы Ережелерге 11-қосымшаға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.
Осы Ережелердің 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды үміткерге кері қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2025 жылғы 22 тамыз – 5 қыркүйек аралығы (хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде)
Конкурстық комиссия отырысы: 2025 жылғы 8 қыркүйекте, сағат 10:00-де