Аула клубы

07.08.2025

«Бүркіт» аула клубының тәрбиеленушілері аудандық футбол турниріне қатысып, сенімді әрі лайықты ойын көрсетті.
Ересектер командасы 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, тамаша үйлесімділік пен спорттық рухты паш етті. Орта жастағы команда да ерекше ойын көрсетіп, қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңді. Кіші команда 4:1 есебімен жеңілгеніне қарамастан, мінез бен жеңіске деген жігер танытты.
Клубтағы жаттығулар жалғасуда. Балалар келесі ойындарға зор ынтамен дайындалып, бұдан да жақсы нәтижелер көрсетуге және өз шеберліктерін дамытуға ұмтылуда.
Азырбакытов Ж.

Просмотров: 482


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу