«Оқу мектебі» жобасын іске асыру шеңберінде және жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында күн сайын артикуляциялық гимнастика жүргізіледі.
Сөйлеуді анық және түсінікті ету үшін сөйлеу аппараттарының мүшелерін нығайту қажет. Ол үшін артикуляциялық гимнастика қолданылады. Ол сондай-ақ дыбысты айту кезінде еріннің, тілдің, жұмсақ таңдайдың және бұлшықеттердің әртүрлі позицияларын жаттықтыруға көмектеседі.
Артикуляциялық гимнастика және сөйлеу есту қабілетін дамыту жаттығулары арқылы кейбір балалардың өздері таза және дұрыс сөйлеуді үйрене алады. Дыбысты айтудың күрделі бұзылыстары бар балалар сөйлеу ақауларын тезірек жеңе алады, өйткені олардың бұлшықеттері дайын болады. Дұрыс сөйлеу-баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштерінің бірі, болашақта сауаттылық пен оқуды сәтті игерудің КЕПІЛІ.
Л. В.Дюбкина, мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
«Артикуляционная гимнастика»